Қазақстанның геосаяси ахуалы туралы сарапшылар пікір білдірді

Әлем әскери қақтығыстардан көз ашпай тұр. Әсіресе, көрші мемлекеттер қарулы шыр-ғалаңнан шыға алмай келеді. Ал бұл ала-сапыранға еліміздің араласпауы осы уақытқа дейінгі сауатты жүргізілген сыртқы саясаттың жемісі. Қазақстан мен шет мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай өткен дөңгелек үстелге қатысушылар осындай ой айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттің өткенін еске алып, өзекті мәселелерді талқылауға арналған диалог алаңына белді дипломаттар, саясаткерлер келді. Сонымен қатар шараға сала мамандары мен студенттер және шетелдік дипломатиялық өкілдіктер қатысты. Қазір Қазақстанның әлем елдірімен достығы мығым. Бұған жету жолында қандай жұмыстар атқарылды? Спикерлер дәл осы сұрақтарға жауап берді Сонымен қатар халықаралық байланысты дамытуға сеп берген құжаттар, түрлі тарихи мұралар көрмеге қойылды.