Атырау облысында ауыз су көздеріне қауіп төнді

Ресеймен шектесіп жатқан Құрманғазы ауданындағы Қиғаш және Шора өзендеріне кәріз суы  құйылуы ықтимал екенін Ресейдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі ескерткен еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

28 қазан күні Волгаград облысы Ворошилов ауданында кәріз суының құбыры істен шығып, салдарынан лас су Еділ өзеніне құйылған. Осыған орай, бүгін Құрманғазы аудандық сантиралық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары Қиғаш, Шора өзендерін тексерді. Бұл өзендер бастауын Еділ өзенінен алады. Яғни 70 мыңға тарта тұрғыны бар ауданның малы мен жанының тіршілік көзіне қауіп төнуі ықтимал. Әзір жағдай қалыпты. Дегенмен санитарлық мамандар жағдайды бақылауда ұстайтындарын  айтты.

Лаура Қайыбалдиева, облыстық СЭБД бөлім басшысы:

– Ашық су көздерінен және су тазарту қондырғыларынан сантиралық-химиялық, микробиологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зертханаға 7 су сынаамсы алынды. Қазір уақытта зерттеу нәтижелері жұмыс барысында. Сонымен қатар ашық су және ауыз су сапасына бақылауды күшейтілген режим орнату, су жабдықтау нысандарына өндірістік бақылауды, жуу және дезинфикциялау режимін күшейту+++ туралы тапсырмалар берілді.