QazaqGaz «Барлау және өндіру» бөлімшесін құрды

QazaqGaz Ұлттық компаниясы барлау және өндіру бойынша жаңа бөлімшені құрды. Мұны ұлттық компанияның басқарма төрағасы Санжар Жаркешов фэйсбук желісінде жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

QazaqGaz басшысының айтуынша, ресурстық базаны арттырып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Бұл ұлттық компания алдында тұрған басты стратегиялық міндеттердің бірі. «Амангелді Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі QazaqGaz «Барлау және өндіру» болып қайта құрылды. Мұны ұлттық компанияның басқарма төрағасы Санжар Жаркешов мәлімдеді. Компания басшылығы газдың ресурстық базасын ұлғайтып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кешенді жұмысты жалғастырмақ.

Санжар Жаркешов «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

– QazaqGaz ұлттық компаниясы былтыр бөлек ұлттық компания болғанда приоритеттік құқығын өзіне алды. біз10-ға жуық жаңа барлау объектілерін геологоразведка жасауға,алуға мақсаттанып отырмыз. сондықтан жаңа активтер QazaqGaz "Барлау және өндіру» компаниясының портфеліне кіретін болады және де «Қазмұнайгаз» компаниясымен келіссөздер жүріп жатыр, кейбір активтер біздің портфельге кіретін болады.

Ұлттық компания басшысы газ саласының инвестициялар үшін тиімді екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар компанияларды еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Санжар Жаркешов «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

– Мемлекет басшысының арқасында және де Үкіметтің арқасында газ саласында үлкен ренессанс болып жатыр. Реформа жүріп жатыр. Ол деген басты мақсаты газ саласының экономикалық тиімділігі, инвестициялық тартымдығы үлкен өзгерістер жасалып жатыр.

Айтпақшы Қазақстан қазір 21 млрд шаршы метрге жуық тауарлық газды қолданады екен.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Мұрат Әріпханов, Досхан Қораз