Ақтөбеде жігітті пышақталудан арашалаған қыз марапатталды

Ақтөбеде ерлік көрсеткен күзетші қыз бала марапатталды.

Оқиға ойын-сауық орталығында болған. Кәмеілетке толмаған жеткіншек 19 жастағы жігіттің мойнына 2 рет пышақ сұғып алады. Ауыр қылмыстың үстінен түскен күзет қызметкері Әлия Ерманова дереу арашалап, күдіктіні полицияға тапсырған. Ал полиция департаментінің басшысы елігі үшін  Әлия Ермановаға алғыс хат табыс етті.

Әлия Ерманова, күзет қызметкері:

- Ең бірінші мен олардың пышақ алғанын байқап қалдым да 104-ке айттым. Ана екеуі пышақпен бір-бірімен ойнап жүр дедім. Содан олар МЗ-этажға түсіп бір-бірін пышақтауға кірісті. Пышақ алып тұрған қолын ұстап алдым мен. Жүгіріп артынан. Инспекторскийге апардым. Бізде инспекторский кабинет бар екінші этажда.