Абай облысының шаруаларына заманауи зертханалар қажет

Абай облысының шаруаларына заманауи зертханалар қажет

Абай облысының шаруаларына өнімдерін экспортқа шығару үшін заманауи зертханалар қажет.

Өңір кәсіпкерлері Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Арман Шак-қалиевпен кездесуде аймақтың ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілді проблемаларды алға тартты. Мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген субсидияның дұрыс тара-тылмауы, азық-түлік бағасының қымбаттауы, кәсіпкерлік нысандарына, қолдаудың аздығы секілді мәселелер жиында жан-жақты талқыланды. 

Марат Құрманбай, Абай облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі:

- Аудандарымызда бүгінгі күні заманауи ветеринарлық зертханалар жоқ. Сол мәселені көтердік. Қазір мал етін экспортқа шығара алмай отырмыз. Сондықтан бізге мал семіртетін орындар керек. Басқа да жұмыстарды қолға алуымыз қажет. Осы ретте Үкіметтен субсидия ретінде көмек берілуін көтеріп жатырмыз.