Елордада «Балалар әлемі» республикалық байқауы қорытындыланды

Байқауға еліміздің барлық өңірінен 100 мыңға жуық оқушы қатысқан.

Облыстық турдан озық шыққандары Астанада ақтық сында бақ сынады. Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар атанғандары бүгін көптің алдында марапатталды. Байқауға 3 пен 10 сынып арасындағы оқушылар қатысты. Жас ерекшелігіне қарай оларға екі шығарма ұсынылған. Оқып болғаннан кейін сол бойынша сынақ тапсырыпты. Мақсат, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. 

Алтын Сүлейменова, 8-сынып оқушысы (Павлодар қаласы):

- Джонатан Суифт "Гулливердлің саяхаттары" және Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұям" екі кітапты кітапханадан алып оқыдық. сосын оны дұрыс оқыдық па соны тексеру үшін тест алды. одан кейін эссе жаздық төрт тақырып бойынша. Үшінші орын алғаныма қуаныштымын. 

Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Бұған қатысқан адамдардың саны да көп болды. сапасы да жоғары болды. осы конкурс арқылы көптеген жастар қазақ тілінің бояуына, әуезіне, байлығына қаныға түсті. Осының өзі үлкен олжа. Олардың арасынан тек қана ана тілін қадірлеп қастерлейтін адамдар ғана емес келешек қаламгерлер шығуы да әбден мүмкін.