Елде асқазан ауруына шалдыққандар саны азаймай тұр

Елде асқазан ауруына шалдыққандар азаймай тұр.

Оларды дер кезінде емдеп-жазу да үлкен мәселеге айналып барады. Себебі дертке шипа табу қиындаған. Ал әлемдік медицина қазір кей асқазан ауруларын жаңа тәсілмен емдеуді бастады. Бұл туралы "Астана-гастро 2022" форумына қатысқан ғалымдар мәлімдеп отыр. Жыл сайын өтетін шараға биыл білікті мамандар жиналып, студенттер мен дәрігерлерге лекция оқуда. Сондай-ақ, шара кезінде гастро-эн-тология саласындағы тың жаңалықтар айтылып, дәрігерлер мен ғалымдар тәжірибе алмасып жатыр. 

Роза Бектаева, медицина ғылымдарының докторы:

- Ғылым алға жылжып барады. Емдеу тәсілдері айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Бұл туралы біздің мамандар білуі керек. Бұл форумда гастроэнтология ғылымына қатысты барлық жаңалықты айтып, талқылайтын боламыз. Басты мақсат - денсаулық саласына серпіліс беру.