БҚО-да электр желілері қалпына келтірілуде

БҚО-да электр желілері қалпына келтірілуде

Батыс Қазақстан облысында алғашқы қарға шыдас бермей, әр жерден үзілген электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл қазір 800-ден астам абонент жарықсыз отыр. Олардың көбі Сырым және Теректі аудандарында. Коммуналдық кәсіпорын тарапынан 60 қызметкер мен 16 арнайы техника жұмылдырылған. Өңірде тағы қар жауып тұр. Ал 82%-і әбден тозған электр желілерінде апат жиілеп кетті.