Антибиотиктерді дәрігер нұсқауымен ғана қабылдау керек – эпидемиолог

Жіті-респираторлық вирустық инфекцияның таралуына жол бермей, маман кеңесіне құлақ асу маңызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер эпидемиологиялық маусымда өздігінен ем жасау қауіпті екенін тағы бір мәрте тұрғындар қаперіне салды. Қазір өңірлерде 764 мыңнан астам адам вирустық инфекция, тағы 500-ден астамы тұмау жұқтырған. Науқастардың 80%-і балалар. Эпидемиологтардың айтуынша, елде әрбір үшінші бала жіті-респираторлық вирусқа шалдығуға бейім, әрбір 10-ересек адамның тұмау жұқтыру қаупі бар.