«Масс-медиа туралы» заң журналист мәртебесін көтереді – Дархан Қыдырәлі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Сыр еліне жұмыс сапары аясында облыс тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында министр жас кәсіпкерлерді қолдау үшін «Zhas Project» пилоттық жобасы іске асырылып жатқанын айтты. Оның аясында әлеуметтік осал топтар мен ауыл жастарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 1 млн. теңге көлемінде грант беріледі. Сондай-ақ Дархан Қыдырәлі БАҚ саласында қолға алынып жатқан жұмыстарға тоқталып, ақпараттың қолжетімді болуы  өзекті мәселе екенін атап өтті. «Масс-медиа туралы» жаңа заң жобасында журналист мәртебесін көтеруге қатысты бірқатар артықшылықтар көзделгенін тілге тиек етті.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Бұл жерде журналист мәртебесін көтеруді жоспарлап отырмыз. Бұл жерде бірқатар біздің реформалар бар. Мысалы, басылымдарды құн салығынан босату туралы. Сонымен қатар журналист мәртебесінің ішінде оларға әлеуметтік артықшылықтар беру сияқты. Сонымен қатар екінші интернет саласына қатысты. Интернет және онлайн қызметтер бұл Еуропаның көп елдерінде бар. Біздің көршілерімізде де бар. Өйткені интернетті бөлек қарастыру керек.