Қарағанды облысында қауіпті ойыншықтар сатылған

Қарағанды облысындағы сауда орындарында балаларға қауіпті ойыншықтар сатылып келген. Талапқа сай келмеу жағдайларының 90 проценті тауар маркировкасына байланысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни өнімді қай ел шығарғаны, оның қай жастағы балаларға арналғаны жайлы ақпарат жоқ. 7 процентінде органикалық талаптар болмаған. Кейбір ойыншықтардың бояуы мен қолқаны қабатын иісі күмән келтірген. Осыған қарамастан өткен 9 айда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бір ғана бизнес субъектісіне тиісті құжаттары жоқ тауарларды саудалағаны үшін 600 мың теңгеден астам айыппұл салған.  Мамандар кез келген ойыншықта сәйкестік сертификаты болуға тиіс деп отыр. Сонымен қатар қазақ тілінде ақпарат болуы шарт.

Әйгерім Жылқыбаева, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Өнім қауіпсіздігі мониторингі кезінде 341 өнім зерттелді. Оның ішінде 147 немесе 47 пайызы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейді. Жалпы ол Қытайда және белгісіз мемлекеттерде өндірілген балалардың ойыншықтары.