Маңғыстауда Еуроодақпен бірлескен жасыл сутегі орталығы ашылады

Қазақстан мен Еуропалық Одақ Маңғыстауда жаңартылатын энергия көздері мен жасыл сутегін өндіретін орталық құрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның жылдық қуаты 2 млн тонна болмақ. Иә жоспар ауқымды. Бірақ бұл уақыт еншісіндегі бастама. Әзірге Қазақстан үшін Еуроодақпен өзге салалар бойынша тауар айналымын еселеу маңызды. Әсіресе қазіргі геосаяси жағдай осыны міндеттеп отыр. Экономика ғылымдарының кандидаты Талғат Демесінов елімізге оңтүстік шығыс Азия мен Еуропалық одақты байланыстыратын көпір болуға мүмкіндік мол дейді.