loader


Өскеменде инватакси қызметі ұсынылады

Алдағы сайлауда Шығыс Қазақстандағы 13 елдімекенде инватакси қызметі ұсынылады. Бұл туралы Өскеменде семинар өткізген Орталық сайлау комиссиясының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Учаскелер сайлаушылар үшін барынша қолжетімді болуы шарт», – дейді басқосуға келгендер. Яғни дауыс беру орындары ыңғайлы жабдықталады. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандардың саяси науқанға, еркін қатысуы үшін жағдай жасалады. Мәселен, зағип жандарға бюллетендер Брайль шрифтімен беріледі. Арбадағы немесе қарт адамдар үшін 469 участок ғимараттың бірінші қабатында ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар сайлаушылар тізімінің нақтылығы да қатты қадағаланады. Жақында бұл жайлы тұрғындарға жеке хабарлама жіберілмек.

Константин Петров, ҚР ОСК төрағасының орынбасары:

– Біз Орталық сайлау комиссиясы тарапынан әр азаматтың алдағы сайлау науқанына үлкен жауапкершілікпен қарауын сұраймыз. Яғни әркім өзінің сайлаушылар тізімінде бар немесе жоқ екенін алдын ала тексеру қажет. Ол үшін жергілікті атқарушы органның орталық желісіне хабарласуға болады. Немесе жақын арада әр тұрғынға хабарлама жіберіледі.

 

Сондай-ақ...