Астанада «Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздары мараптталды.

Биылғы шараға барлық өңірлер мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 100-ге тарта ұйым қатысты. Арнайы комиссия 8 аталым бойынша 26 үздік жоба иелерін анықтады. Жобаның мақсаты бизнес пен әлеуметтік және спорттық салалардағы  мемлекеттік мекемелерге жасыл экономиканы енгізіп, экологиялық жауапкершілікті арттыру. Байқау осымен 4-рет ұйымдастырылып отыр. Осы уақыт аралығында 300-ге тарта ұйым қатысып 96 жеңімпаз жүлделі болды.

Қарлығаш Ахметова, байқауға қатысушы:

- Үздік жасыл кеңсе 2022 байқауына осы Жасыл мектеп жобасының жұмыс бағыттарын ұсынған болатынбыз. Әртүрлі бағыттар бойынша біз жұмыстар жасаймыз. Арнайы мектебімізде жылыжай жұмыс жасайды. Ол жылыжайда түрлі өнімдер, қияр, қызанақ, шалғам, брокколи секілді тағы басқа да өнімдер өндіріледі. Ол өнімдер осы мектебіміздегі ыстық тамақ ішетін оқушыларға табиғи өнідерден салаттар жасалып беріледі. Бұлардың барлығын осы жоба аясында жасалып жатқан жұмыстар. Түрлі байқауларға қатысамыз.

Асыл Оқапова, жасыл экономиканы қолдау және G-Global дамыту коалициясының менеджері:

- Ең үлкен мәселе ол қоқысты қайта өндіру. Сол бокстарды өздеріне енгізіп пластикті бөлек, қағазды бөлек тағысын тағы сұрыптайтын. Былай қарасаң ол қарапайым нәрселер. Күнделікті жасауға болады. Бірақ соны көп кеңселер, көп ұйымдар білмейді. Біз оларға түсіндіріп тіпті онлайн тренингтер өткіздік. Былтыр осы жасыл кеңсенің стандартын жасап шығардық. Сол стандарт бойынша әр ұйым кім жасыл болғысы келеді, кім осы экологияға өзінің үлесін қосқысы келеді соны оқып өзі енгізе беруіне болады.

Сондай-ақ...