loader


Жамбыл облысында газдан уланудың алдын алу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Жамбыл облысында жылыту маусымы басталғалы 17 газдан улану оқиғасы болған.

Айналдырған бір айдың ішінде жазатайым жағдайдан қаза болғандар бар. «ҚазТрансГаз Аймақ» өкілдері қайғылы жағдайдың басым бөлігі тұрмыстық газды пайдалану ережелерін сақтамаудан болатынын айтады. Сол себепті мамандар аймақта түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

- Қазір анау төбесіне барып тірелді. Мінеки. (Құбырды тазалап жатқаны) 

Жылыту маусымы басталар шақта газ саласының мамандары қарқынды қызмет етеді. Себебі жеке сектордың тұрғындары көп жағдайда газ пеші мұржасының жағдайына мән бермейді. Ал, оның арты жазатайым оқиғаларға алып келері сөзсіз. Сондықтан «Қазтрангаз Аймақ» өндірістік филиалының мамандары алдын алу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Айтуларынша үйлердің бірінде мұржасы бітелсе, енді бірінде пештің ақауы анықталған. 

Нүсіпқали Нұрметұлы, қала тұрғыны:

- Мамандар істегені дұрыс қой. Өзіміздің қолымыздан келмейді. Газ саласында  істетін қызметкерлер келіп, жылда айтып кетеді не істеу керек екенін. Газдың кемшіліктері жаңағы дымоход, содан кейін вентиляционный канал. Оны келіп сол келісім шартқа тұрамыз. Мамандар келіп өздері сол кемшіліктерді жояды.

Техникалық талапты сақтамағандықтан өткен жылыту маусымында 98 тұрғын уланған. Биылғы жағдай да көңіл көншітпейді. 36 адам газдан уланып, оның екеуі бақилық болған. Сондықтан газ саласының мамандары тұрғындар қауіпсіздікке баса мән беруі қажет дейді. 

Әлиайдар Жаңабеков, "Қазтрансгаз Аймақ" АҚ Жамбыл өндірістік филиалы апаттық диспетчерлік қызметінің басшысы:

- Газдың иісі сезілген жағдайда ең бірінші тұрғындардың міндеті 104 үздіксіз қызмет жасайтын мекемеге звандау керек. Және есіктерін терезелерін ашып желдетіп, ашық отпен пайдаланбау керек. Және осы алдын алу шаралары бойынша газ иісін анықтағыш құралы орнатылуы қажет. 

«ҚазТрансГаз Аймақ» филиалының қызметкерлері ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді. Мәселен былтыр 200 мыңнан аса түсіндірме парақтарын таратып, әлеуметтік желі мен облыстық телеарналарға қауіпсіздікті сақтау жайындағы бейнероликтер шығарған. Жалпы аймақта 220 мыңнан аса абонент көгілдір отынды қолданады. Сала мамандары тұтынушыға өз қауіпсіздігі үшін мамандандырылған ұйымдармен келісімшарт жасауды ұсынады. Яғни үй газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді арнайы маманға сеніп тапсырған жөн дейді.

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Сондай-ақ...