Жамбыл облысының жолдары қыс мезгіліне дайын

Бұл жайында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті маңызы бар жолдарды қараша-желтоқсан айларында күтіп ұстауға бюджеттен 189 млн теңге бөлінген. Жалпы өңірдегі 3100 шақырымнан асатын жолды қардан тазалау жұмыстарымен 23 мердігер айналысады. Бүгінгі таңда 186 техника сақадай сай тұр. 7 мың тонна құм мен 890 тонна тұз дайындалған. Ал, төтенше жағдай болып, жол жабылар болса, жолаушылар үшін 8 жылыту бекеті жұмыс істейді.

Бақытжан Жәнібеков, Жамбыл облысы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Күйік асулары бар, одан соң Қордай асулары бар. Біздегі үнемі қауіпті мынау қыс мезгілінде болып жатқан. Ол жақтағы жылыту пунктері оның бәрі ҚазАвтоЖол мекемесінің тарапынан сегіз жылыту пункті қамтамасыз етілген. Егер де мынау бізде төтенше жағдай орын алып жатқан кездегі жағдайлар болып жатқан кезде. Ең жақын елді мекендерде орналасқан әлеуеметтік нысандарға орналастырамыз бірінші кезекте.

Сондай-ақ...