Алматыда қаржы пирамидасының салымшыларына 123 млн теңге қайтарылды

Осылайша, 197 азаматтың құқығы қорғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске салайын, Қаржылық мониторинг агенттігінің жергілікті департаменті зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған пирамида ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Қалған сыбайластар тергеліп жатыр.

Әлібек Әбділов, Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстың қалған сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталуға жақын.