Риддер қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһардағы жылу электр орталығының жұмысы тоқтап қалуға жақын. Өйткені кәсіпорындағы 1-ші қазандық агрегатының құрылғысы істен шыққан.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Жаз бойы Риддердің коммуналдық саласы соның ішінде ЖЭО туралы мәселе тым жиі көтерілді. Ақыры міне, қыс түсер шақта жағдай ушықты. Жылу орталығының жұмысы тоқтауға жақын. Ондағы 1­-ші қазандықтағы құрылғыдан ақау шықты. Сөйтіп, кәсіпорындағы жылуды жеткізу температурасы тиісті 70 градустан екі есе төмендеп кеткен. Бұл жағдайға орай облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды. Өскеменнен тиісті мамандар шақыртылып, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бізді «Стартегиялық нысан әрі жұмысқа кедергі келтіресіздер» деген желеумен ЖЭО-ның ішіне кіргізбеді.

Көпқабатты үйлердегі жағдай қандай? Ақау шыққан қазандықта жөндеу жұмыстары қашан аяқталмақ?

Тұрғындармен хабарластық. Пәтеріміз суық деп шағымданған жұрт көп. Кейбірі электр пештерін қолданып, амалдап отыр. Жалпы 22 мың абоненттің жылуға жарымай отырған жайы бар. Біз кешкі шығарылымда міндетті түрде бұл жайлы толық айтамыз. Ал ақау шыққан қазандықта кешке жөндеу жұмыстарының бір бөлігі аяқталады деген жоспар бар. Оны қалыпқа келтіруге тек осы ЖЭО ғана емес, өлкедегі ең ірі коммуналдық нысандар мен өндіріс орындары жұмылдырылды.

«Ал жалпы ең максималды түрде айтқанда,  5-7 күн ішінде немесе одан да ерте жағдай толық тұрақталады» – деп отыр Жылу электр орталығының өкілдері.

Сондай-ақ...