Президент «Каспий» су тұшыту зауытын аралап, жұмысымен танысты

Президент былтыр осы зауыттың қуаттылығын екі есе арттыруға тапсырма берген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол кезде тәулігіне 20 мың текше метр ауыз  су шығаратын. Қазір 25 мыңға дейін көбейді. Жыл соңына дейін 40 мың текше метрге  жеткізіледі.  Сонда Мұнайлы, Түпқараған және Қарақия аудандары мен Ақатау іргесіндегі жылы жағажайға тіршілік нәрімен қамтиды. Зауыт Теңіз суы кері осмос әдісі бойынша тұшытылады. Халықты ауызсумен қамтамасыз ету деңгейі бойынша зауыт І санатқа жатады. Қажетті құрал жабдықтар Еуропа, Ресей, Америка, Оңтүстік Корея, Израиль  сынды су тұшытудан тәжірибесі мол мемлекеттерден әкелінген.

Нұрлыбай Аққұлов, Каспий су тұшыту зауытының директоры:

- Біздің құрылыс салатын мекемеміздің технологияны ұсынатын партнеры Ресей мемлекетінің мекемесі болып жатқан геосаяси жағдайларға байланысты ол мекеме жұмысты жасай алмайтынын мойындап, бізге бас тарту жөнінде хатын берді. Осы жылдың мамыр айында болды. Сондықтан бізге технологияны жасайтын басқа мекеме тартуға тура келді. Ол мекеме қазір Қатар мемлекетінің мекемесі. Сол қиындықтарды жеңіп тиісті шараларды аяқтап осы жабдықтарды әкелуге жұмыстанып жатырмыз.