Алматы әуежайындағы VIP терминалдың ғимараты жаңа орынға көшіріледі

Бұл туралы  Алматы халықаралық әуе айлағының экологиялық  және әлеуметтік мәселелер жөніндегі үйлестірушісі Юлия Алахвердова мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

1947 жылы салынған көне ғимарат Алматының тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда  Алматы әуежайында жаңа іскерлік терминалдың құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Алып шаһардағы халықаралық әуежайдың жаңарғаны жақсы. Бірақ VIP  терминалдың тарихи ғимараты сүріледі дегенге белсенділер наразылық танытқан. «Бұл мәселе өз шешімін тапты», – дейді мамандар.

Юлия Алахвердова, Алматы Халықаралық әуежайының экологиялық  және әлеуметтік мәселелер жөніндегі үйлестірушісі:

-  Әрине, көне терминалдың тарихы мен мәдени маңыздылығы әрқашан сақталады. Дегенмен соңғы жылдары бұл ғимараттың айналасында көптеген өзгерістер болды. Қала құрылысы қарқынды дамып, Алматы әуежайы биік ғимараттардың көлеңкесінде қалып қойды. Сондықтан ескіні бұзып, жаңа терминалдың аясын кеңейту көзделген. Алайда жаңа орында көне ғимараттың көрінісі сақталады.   Қысқасы, жаңа терминалды салу үшін орын жеткіліксіз болған. Сондықтан ескісін бұзуға тура келді. «Дегенмен жаңа салынатын терминалда көне ғимараттың бұрынғы көрінісі сақталып қана қоймай, заманауи үлгідегі құрылыс жабдықтарымен қайта жасалады», – дейді мамандар. Жаңа терминалда айтарлықтай алыс емес. Ахметов көшесінің бойымен оңтүстікке қарай орналасқан.

Юлия Алахвердова, Алматы Халықаралық әуежайының экологиялық  және әлеуметтік мәселелер жөніндегі үйлестірушісі:

- Иә, көне ғимарат толықтай жаңасына көшіріледі. Әрбір  әйнектер нөмірленіп, арнайы ыдыстарға салынып сақталады.  Ал тозығы жеткендері қайта қалпына келтіріп жаңаша үлгіде жасалатын болады.  

Осы жұмыстардың барлығына шетелдік инвесторлар тағы 4,5 млн доллар жұмсайды. Құрылысы биыл наурыз айында басталған үлкен терминал жылына 10 млн жолаушыға қызмет көрсете алады. Ал қазіргі көрсеткіші 4 млн ғана. Ғимараттың жалпы ауданы 55 мың шаршы метр болады. Жаңа терминал бұрынғыдан екі есеге үлкен. Жобаның жалпы құны 200 млн доллар. Қаржыны шетелдік кредиторлар береді.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Григорий Беденко, Радик Жақыпов