Қарағанды шахталарының жұмысын тәуелсіз сарапшылар тексереді

Қарағанды облысындағы барлық көмір шахталарының жұмысын тәуелсіз сарапшылар зерттейді.

Кәнігі мамандардың сараптамасынан кейін еңбек қауіпсіздігі талаптары қайта қаралады. «Арселор Миттал» компаниясының атқарушы вице-президенті Виджай Гоял осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, кейінгі бір жылда өндірісті жаңғырту мен қауіпсіздікті нығайтуға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құйылған. Осы ақшаға 20 бұрғылау қондырғысын алынады. Оның 5-еуі Қарағандыға жеткізілген. Сондай-ақ 25 комбайнға тапсырыс берілген.. Барлық құрал-жабдық алдағы жылдың 1 тоқсанына дейін түгел орнатылады дейді компания жетекшілері. Қазір Ленин шахтасының жұмысы уақытша тоқтатылған. Үкіметтік комиссия апаттың себеп-салдарын анықтап жатыр. Ал зардап шеккен әр отбасыға барынша көмек көрсетіледі.

Сағадат Қуаныш, компанияның еңбек қатынастары бойынша директоры:

- Он жылдық жалақысы беріледі марқұмдардың. Олардың отбасыларына пәтер сатып алынады, 18 квардрат отбасының бір мүшесіне арнайы санақ бойынша. Оның сыртында балаларына 23 жасқа толғанша бірінші жоғарғы оқу орнын біз өз мойнымызға аламыз. Зардап шеккендерге өзіміздің ішкі приказға байланысты 100 пайыздық жалақысын сақтаймыз осы уақытта өз қалпына келгенше дейін. Оның сыртында бүкіл ем-шара біздің мойнымызда.