Жамбыл облысында үш ауылдың ауыз су мәселесі шешіледі

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыз су мәселесін бірнеше рет көтерген едік.

Өйткені 12 елді мекенде орталықтандырылған су жүйесі жоқ.

Кей ауылдың тұрғындары суды белгіленген кесте бойынша алады. Енді көп тілегі қабыл болып, ауданға таза су жеткізу үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржыға кезең-кезеңмен құбыр тартылады. 

Мерей Бает, тілші:

- Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары міне дәл осындай 70 жыл бұрын салынған су мұнараларынан су ішіп отыр. Нысан тұрғындарды тәулік бойы тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге қауқары жоқ. Себебі күніне бірнеше сағат қана су тарататын станцияның құбырлары тозып шіри бастаған. 

Бейсенбай Көкішев, Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны

- Вышканың жоғары жағында 2-3 тонна су жиналатын 5 тонна су жиналатындай не бар. Олар ремонтқа келмейді уже. Жасалмайды, әбден жамап-жамап, әбден біткен. Қазір міне су сорғалап тұр. Ол жақтан да су сорғалап, и трубалардың бәрі жөндеуден өтпейді уже. Мынаның бәрі шіріген.

Жаңатұрмыс ауылында 3000 мыңға жуық халық тұрады. Ескі су құбыры  әр ауланың алдына дейін тартылған, бірақ су ақпайды. Себебі сорғының тозығы жеткен.  

Алшагүл Кішкеева, Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны: 

- Күніне бір ақ мезгіл ағады. Сол бір мезгіл аққан кезде өзіміз барлық нәрсеге толтырып алуға тырысамыз. Қандай ыдыстар болсын. Мынау мысалы ауыз суымыз. Осыны қолданамыз. Мынандай үлген обьемный ыдыстарға малға, күнделікті қолданғанға толтырып аламыз. 

Көпшіліктің көтерген мәселесі жыл соңына шешімін табады. Жаңатұрмыс ауылына ауыз су жүйесін жүргізу үшін  республикалық бюджеттен 608 млн тг бөлінген. Бүгінде су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын. Былтыр қыркүйекте басталған нысан 90 процентке  аяқталып тұр. Енді электр желісі жүрсе, жұрт желтоқсанда таза ауыз су тұтынады.  

Зәуірбек Дуанбеков, мердігер мекеме өкілі: 

- 118 км-ге ауылдың ішіне су желісі тартылды. Су қоймасы салынды 300 кубтан (2) 600 куб. Енді скважина салып жатырмыз. Біріншісін бітірдік 230 метр. Екіншісін қазып болып қалдық. Алла қаласа 60-70 мертдей бұрғылау несі қалды.  

Жаңатұрмыспен қоса Қазақ, Сәлімбай ауылдары да биылдан қалмай жаңа су жүйесіне қосылады. Аудан билігі келер жылы су мәселесі бар тағы 3 ауылға жобалық сметалық құжат әзірлеп жатыр.  Ал қалған 6 шағын елдімекенге кешенді  модульдік блоктар орнатылады. Жалпы өңір билігі 2025 жылға дейін облыстағы су мәселесін толықтай шешеміз дейді.

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә