Қызылорда және Арал қалаларында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Қызылорда және Арал қалалаларында ұйымдасқан қылмыстық топта болған 32 адам ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ішінде транс-ұлттық қылмыстық топ мүшелері бар. Күдіктілер тұр-ған жерден, қару жарақ, есірткі және түрлі құжаттар табылды. Ұсталғандар қылмыстық топ құрып, оларды қаржылан-дырды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері олардың бопсалау және басқа да ауыр қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деп хабарлайды.