Риддерде жылу қазандықтары жөнделіп жатыр

Риддерде үйлерге берілетін жылу температурасы 57 градусқа көтерілді.

Бірнеше күн бұрын кәсіпорында апат болып, температура тиісті 70 градустан 35-ке дейін төмендеп кеткен еді. Жағдай біртіндеп түзеле бастады. Станциядағы агрегаттардың кейбірі толық ауыстырылды. Өскеменнен барған мамандар тозығы жеткен қазандықтарды жөндеп жатыр. Осы айдың ортасына дейін, мекеме қалған 4-5 қазандықтарды ретке келтіріп, толық қуатта жұмыс істеуге көшуді жоспарлап отыр.