Елімізде 1 млн 27 мың адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған

1 қазаннан бері елімізде 1 млн 27 мың адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған. Бұл туралы санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлайды. Тұмаудың зертханада расталған 865 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде, 14 жасқа дейінгі 340-тан астам баланың бойында анықталған. Сондай-ақ Қазақстанда тұмауға ұқсас вирустар да таралып жатыр. Зертханалық тексеруге алынған сынаманың 15 пайызында риновирус, пара-грипп, коронавирус, аденовирус тәрізді тағы басқа түрлері анықталды. Қазір халықтың 11%-інен астамы тұмау және ЖРВИ-ға қарсы егілген.

Марал Рахымжанова, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

 – Осы жылы бюджет қаражатына Ресейде шығарылған «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2,3 млн. дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында алдағы маусымдағы вирустарға қарсы штаммдар бар. Бұл жалпы республика халқының 12%-ін қамтуға мүмкіндік береді, ДДҰ ұсынған көрсеткіші кемінде 10% деп  саналады. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың осал топтары егіледі: оның ішінде медицина қызметкерлері; медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналады.

 

Сондай-ақ...