Елорданың іргесінде орналасқан елдімекендер жапанда қалғандай күй кешіп отыр – Мәди Ахметов

Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов палата отырысында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24»

уылдардарды аралап шыққан ол, жергілікті халық инфрақұрылымға қол жеткізе алмай жүргенін алға тартты. Мәселен қалаға қатынайтын қоғамдық көлік тапшылығы, жедел жәрдем бригадаларының ұзақ уақыт келмеуі, қоқыс жинайтын орындардың көп болуы тұрғындарды қынжылтады. Ауыз судың жоқтығы мен нашар жолдар да халықты әбден шаршатты. Сол себепті депутат Премьер-министрге сауал жолдап, Астананың маңындағы елдімекендердің мәселелерін түбегейлі шешуді сұрады.

Мәди Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тұрғындардың айтуынша, сумен қамтамасыз ету, сапалы медициналық қызмет көрсету, жолдарды жөндеу және әлеуметтік нысандарды салу, сондай-ақ үздіксіз электрмен жабдықтау мәселелері ондаған жылдар бойы шешілмеген. Сонымен қатар ауыл тұрғындары жыл сайынғы көктемгі су тасқынынан зардап шегуде. Заңсыз қоқыс полигондарына назар аударғым келеді. 800 орын бар.