Қарағанды облысында балалар арасында тұмау өршіп тұр

Былтырғы жылмен салыстырғанда вирус жұқтырғандар саны 4 процентке көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

43 мың адамнан жедел респираторлы вирус белгілері тіркелген. Тұмауға қарсы 140 мың адам екпе алған. Оның 12 мыңы бала. Қазір облыста маусымдық тұмауға қарсы вакцинаның 200 мың дозасы бар. Балалар мен медицина және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері және 60 жастан асқан қарт адамдар, созылмалы аурулары бар науқастар тегін егіле алады. Қалғандары ақылы түрде ем қабылдауына рұқсат. Ал, коронавирусқа келсек, қазан-қараша айларында аталған вирус тек 155 адамнан анықталған.  Қазіргі көрсеткіш тіптен төмендеген.

Аслан Теміров, Қарағанды облысының Бас штаттан тыс эпидемиологы:

- Бүгінде ковид бізде өте аз. Шамалы күніне 1-3 аралығында ғана. Оның ішінде бәрі жеңіл формада өтіп жатыр. ЖРВИ ол бүгінде поликлиникада күніне 280-300-ге дейін тіркеу болып жатыр. Оның ішінде 60 пайызы баллар.