loader

Семейде Нұртілеу Иманғалиұлының 70  жылдығына арналған көрме ашылды

Семейде Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған көрме ашылды

«Бай, қуатты болайық». Бүгін Семейдегі Абай музейінде осындай атаумен қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының 70  жылдығына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрмеге белгілі журналистің эфирде киген киімдері, жұмыс үстеліндегі бұйымдары, қолжазбалары, мемлекеттік наградалары, әр жылдары түскен фотосуреттері, 200-ге тарта пайдаланған заттары қойылған. Семейліктер көшпелі көрмені қараша айының соңына дейін тамашалай алады.

Қарлығаш Табылдинова, Нұртілеу Иманғалиұлының жары:

- Бұл қаланың Нұртілеу Иманғалиұлының шығармашылығына қатысы көп болды. Әр хабарында ұлы Абайға, оның қара сөздеріне жүгінетін. Кез келген хабарын Абаймен тұжырымдап отыратын. Көрменің мақсаты Нұртілеу Иманғалиұлының өмірі мен шығармашылығын жас журналистерге таныстыру үшін республиканы аралап жүрміз.

Сондай-ақ...