Алдағы уақытта өңірлерді тең дамытуға ден қойылады

Биыл өңірлердің Алдағы уақытта өңірлерді тең дамытуға ден қойылады.кірісі 4,7 трлн теңгені құрайды.

Ал 2025 жылы жергілікті деңгейлердегі кіріс 6,1 трлн теңгеге жетеді. Бүгін Сенатта Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деді. Талқылау барысында сенаторлар жергілікті бюджетке берілетін салық түсімдерінің көлемін молайту қажет екенін айтты. Себебі, бүгінде әр аймақтағы әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі біркелкі болмай отыр.

Мәселен, жан басына шаққандағы жергілікті өңірлік өнім 1-жарты жылдықта Атырау облысында 1 адамға 9 млн теңге болса, Түркістан облысында 588 мың теңге. 15 есе айырмашылық байқалады. Әлібек Қуантыров жағдайды түзеу үшін алдағы үш жылда өңірлерге 30 трлн теңгеден астам қаржы бағытталатынын айтты. Айтуынша, бүгінде жергілікті аймақтардың әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі орта есеппен 64% тең. Сондай-ақ Әлібек Қуантыров республикалық бюджеттің 60% ірі кәсіпорындардан келетін салықтар екенін ескере, оның бір бөлігін жергілікті бюджетке беру жайы қарастырылатынын айтты. Сенат түзетулер енгізген заң жобасы Мәжіліске жіберіледі.