Риддерде жылу беру мәселесі толық шешілмеді

Риддердегі жылу беру мәселесі толық шешілген жоқ.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов жағдайды ауыр деп бағалады. Қазір үш қазандық жұмыс істеп тұр. Оның күші әлсіз әрине. Негізгі алтыншы қазандық кеше іске қосылды. Бірақ түн ішінде қайтадан өшіруге тура келген. Қазір ол суытылып жатыр. Кейін нысан тексеріледі. Министр апат салдары мен сипатын түсіну үшін уақыт керек дейді. Әзірге белгілісі, нысан толық ескірген.

Сондай-ақ...