Испанияны энергетикалық дағдарыс қысып барады

Елде электр энергиясының құны шарықтап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл барлық салаларға ауыр соққы болып отыр. Қалыптасқан ахуалдан фермерлер зардап шекті. Испанияда 4 млн гектарға жуық суармалы жер бар. Гидротехникалық шығындар көптеген шаруашылықты тығырыққа тіреді. Себебі энергия қуатына жұмсалатын қаражат 4-5 есе өскен. Үкіметке наразылық шарасы ретінде Мадридтегі бірнеше қонақ үй мен мейрамхана иелері кешке бір мезгілде жарықты сөндірген. Осылайша, кәсіпкерлер проблемаға биліктегілердің назарын аудартпақ. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елде 5 млн жуық отбасы қазірдің өзінде жоқшылықтың күйін кешіп жүр. Мамандардың айтуынша, алдағы қыста олар жылуға ақша төлей алмайды.

Сондай-ақ...