Атырау облысында сұйытылған газ тапшы

Атқамінерлер мәселені көп ұзамай шешеміз деп сендіріп отыр. 

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты осындай келеңсіздік орын алған. Қазір сұйытылған газ жеткізу көлемі 35 процентке қысқарыпты. Қараша айының соңына қарай газ өндірісі тәулігіне 800 тоннаға дейін жетеді. Десе де, автогаз тапшылығын болдырмау үшін қазір өңірге сұйытылған газды көршілес Ақтөбе облысынан жеткізу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Айта кетейік, қазір облыста 96 газ құю бекеті жұмыс істейді.

Анар Ахметова, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бас маманы:

- Жергілікті атқарушы органдар тарапынан және ҚР Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, бүгінгі таңда Ақтөбе облысы «Қазақойл» мекемесінен 700 тонна, «Газ Processing» мекемесінен 400 тонна газ Атырау облысына әкелуге келіссөздер жүргізіліп жатыр. Баға бір баға. 50-55 теңге аралығында сақталады. Өйткені бұйрыққа сәйкес.