Астанада ауыл әйелдерінің V форумы өтті

Ауыл әйелдерінің көбі кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреніп, өз ісін дөңгелете бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан ауыл әйелдерінің V республикалық форумында айтылды. Ауқымды шараға еліміздің әр өңірінен 250-ге жуық іскер қыз-келіншек қатысып, тәжірибесімен бөлісті. Әрі қаладан шалғайда жатып, кәсіпкерлікті қалай дамытуға болатынын талқылады. Соңғы екі жылда ауылда отырып өз ісін жүргізген келіншектердің саны 10 есеге артқан. Тегін онлайн курстардың арқасында 60 мыңнан астам әйел қажетті білім алды. «Әлеуметтік белестері» жобасы аясында 120-ға тарта әйел 4 мың долларға тең қайтарымсыз грант ұтып, жеке ісін бастап кеткен.

Майра Айсина, Ауылдық әйелдер форумы ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

- Грант берудің алдында  өз бизнесіңді қалай дөңгелетесің, қалай дамытасың жобаны қалай жасайсыңдеп сұраймыз? Соны біз үйретеміз. Бүгінде 60 мыңнан астам әйелді оқытып шығардық. Бұның бәрі тегін. 03,10 Және олардың алдына біз талап қоямыз. Істі бастадыңыздар ма, әрі жалғастырыңыздар. Басқа әйелдерге де беріңіздер деп. Сондықтан бұл әйелдер 300-ден астам жұмыс орнын ашып отыр.