Еңбек қауіпсіздігі - басты назарда

Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі тұжырымдамасы әлемдегі 2500 компанияны біріктіріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді олардың қатарына QazaqGaz да қосылды. Өйткені, отандық компания үшін озық тәжірибелерді негізге алып, өндірістегі жарақатты азайту және жазатайым оқиғаларды болдырмау - негізгі мақсат.

Санжар Жаркешов, «Qazaqgaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы:

- Біздің басты құндылықтарымыз ол біздің адамдарымыз, адамдарымыздың денсаулығы олардың қауіпсіз жұмыс істеуі. Біз бүгінгі форумда әлемдік тәжірибеге қосылдық бұл еңбек қауіпсіздігі. «Самұрық қазына» қорының бастамасымен 2022 жылы еңбек қауіпсіздігі жылы болып табылады. Біз де оған қосыламыз.

Елордадағы форум барысында ұлттық компанияның еңбек қауіпсіздігіне қатысты жаңашылдары талқыланды. Мәселен,бұдан былай қызметкер еңбек жағдайы қауіпті болып көрінген жағдайда, басқарма төрағасы атынан кез-келген уақытта өндірісті тоқтата алады. Яғни, компания үшін адам өмірі мен денсаулығы - бәрінен қымбат.

Санжар Жаркешов, «Qazaqgaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы:

- Біздің қызметкерлеріміздің кәсіби өздерінің өндірістегі киімдері әлемдек деңгейге көшіп жатырмыз. Өзіміз шетелде жұмыс істедік. Адамның жұмыс киімдері, қолындағы қолғабы бәрі қандай деңгейде болу керек, қандай қауіпсіздік деңгейде болу керек, қандай стандартта болу керек соның бәрн біз өзгертіп жатырмыз.

Өндірісте жарақаттануға «Нөлдік төзімділік» тұжырымдамасы аясында «QazaqGaz» ұлттық компаниясы мен «Самұрық қазына» қорына қарасты компаниялар бірлескен құжаттарға қол қойды. Бұған қоса, форум аясында еңбек қауіпсіздігі саласында ерекше көзге түскен мамандар арнайы марапатталды.