Қостанай облысында қаңғыбас ит-мысық есепке алынады

Қостанай облысында ветеринарлар иесіз ит пен мысықты зарарсыздандырып, есепке алады.

Бұған дейін бұл міндетті волонтерлер атқарып келген. Қазір уақытша панажайлар құрылысы облыс орталығында басталды. Бұл мақсатқа әзірге төрт миллион теңге бағытталды. Аймақ бойынша ит-мысықтарға арналған панажайлар тұрғызуға екі миллиард теңге қажет. Қаржы жергілікті әкімдіктерден бөлінеді. Облыста көше кезген саққұлақтардан қауіп көп дейді мамандар.     

Талғат Шамшадин, ветеринария басқармасы биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы:

– 11 Ит аулау бригадасы болады. Соларға хабарласуға болады. Ikomek арқылы түскен әр өтінішті жай қалдырмаймыз. Жаңа заңға сәйкес бұл иттерді ұстап панажайға апарады. Чип салынғаннан кейін, стерилизациядан  кейін 15 күн өтіп қаңғыбас ит қайтадан тұрақты жеріне жіберіледі. Бұрынғыдай өлтіру деген қазір жоқ.