БҚО прокурорлары «Заң керуені» акциясы аясында ауылдарды аралады

Батыс қазақстандық прокурорлар «Заң керуені» акциясы аясында шалғай ауылдарды аралап жүр.

Акция мақсаты жергілікті жерлерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету. Тұрғындарға заң талаптарын түсіндіріп, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ  әлеуметтік топтарды анықтау. Көшпелі керуен жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында құзырлы органдар мен жергілікті атқарушы билік өкілдерінен және білікті заңгерлерден тұратын жұмыс тобы құрылды. Олар 200-ден аса адамды жеке қабылдап, талап-тілегін тыңдады. 50-ден аса азаматтың мәселесі дереу шешімін тапты.

Серік Шалабаев, БҚО прокуроры:

- Көбінесе тұрғындардың қоятын сұрақтары әлеуметтік мәселелер. Ол халықты жұмыспен қамту ең бірінші мәселе. Мемлекеттік төлемдер алу, басқа сапалы медициналық көмек көрсету мәселелері көтерілді. Сонымен қатар елді мекендердегі кримогендік жағдайға талдау жүргізіліп, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына тиісті тапсырмалар берілді.