Мәскеуде Б.Момышұлын еске алуға арналған бокс турнирі өтті

Мәскеуде Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған бокстан турнир өтті.

Жарысты Ресейде тұратын отандастарымыз ұйымдастырған. Үш  күндік спорттық шараға Тараздан келген боксшылар және ресейлік командалар қатысқан. Мәскеу, Санкт-Петербург, Саратов облысынан және Ингушетиядан бас-аяғы 74 спортшы барған. Айта кетейік, мұндай турнир Ресей астанасында екінші  рет өтіп жатыр. Қарашаның 16-сы күні Волоколамск бағытындағы Мәскеу үшін шайқаста батыр-панфиловшы жауынгердің ерлігіне 81 жыл толмақ. 

Жақсылық Нұржауұлы, боксшы:

- Әкем екеуміз, інім мен бір ағай осы жарысқа келдік аман-есен. Бірінші ойын аса қатты қиын болған жоқ.  Бірінші раундта шығардым ең жақсы ударыммен.

Әбілдаев Нұржау, бапкер:

- Бауыржан Момышұлы ауылынан келіп отырмыз, осы турнирге екі үш-айдай шақыру келді. Біз екі ай дайындалып, осы турнирге екі бала әкеліп отырмыз. Қазақстаннан балалар аз болғанда, екі балаға қаражат тауып келдік. Енді келесі жылы осы жарыс үшінші рет өтеді екен. Енді қаражат бөлсе, келем деп отырған сен тоқта, мен атам деген жігіттер көп, керек пе, жиырма бала алып келуге болды. Оның барлығы қаражатқа тақалады.

Сондай-ақ...