loader

Қордайдағы № 27 мектептің атауы өзгереді

Қордайдағы № 27 мектептің атауы өзгереді

Қордайдағы 27 мектеп енді Алаш арыстары мен ұлт зиялыларының атымен аталуға тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін бұл оқу орындарының тек нөмірі ғана болатын. Білім бөлімінің бастамасын, мектеп ұжымдары қолдап республикалық ономастикалық коммисияға ұсыныс берген. Ізгі ниет қолдау тапты. Мәселен аудандағы №1 мектеп гимназияға Дінмұхамед Қонаевтың, ал №4 мектеп лицейі Балжан Бөлтірікованың атымен аталған. Ал Масаншы ауылының орта мектебі Әбу Насыр әл Фараби есімі берілді. Білім бөлімі аудан көлемінде бой көтеретін жаңа  мектептерге Алаш арыстарының атын бермек.

Санат Әшірбеков, аудандық Білім бөлімінің басшысы

- Бұл мәселе 2020 жылдың қыркүйек айында көтерілді. Атаулар болмаған болатын. Тек қана цифрлмен аталатын. Өскелең ұрпаққа аталарының, бабаларының кім болғандығы, қандай еңбегі сіңгендігі жадыларында сақталады деп есептеймін.

Әсем Қалдар, Әл-Фараби атындағы орта мектептің мұғалімі:

- Өзіміз де қатты қуаныштымыз, ата аналарымыз да қуанышты. Әл-Фараби ұстазымыз секілді мектебімізде алғыр, мықты болсын деп ниеттенеміз. Күнде сабақта қазақша ұлттық киімімізді киіп отырамыз.

Сондай-ақ...