«Достық – Мойынты» теміржол құрылысына 1600 адам жұмылдырылады

2022 – 2025 жылдар аралығында құрылысы жүзеге асырылатын «Достық – Мойынты» теміржол учаскесінің екінші бөлігін салуға  1600 адам жұмылдырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба аяқталған соң онда 340 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақшы. Аталған теміржол бөлігінің жалпы ұзындығы 836 шақырым болса, соның үштен бір бөлігі Жетісу облысының аумағымен өтеді. Жобаның жалпы құны 540 млрд теңге. Соның 218 млрд теңгесі Жетісу облысының аумағында игеріледі. Құрылысқа қажетті жабдықтар жергілікті жерде өндірілген болуы тиіс. Оларды сатып алуға 109 млрд теңге қарастырылған. 

Қанат Есімханұлы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Оның ішінде осы облыс мекемелерінің үлесі көп болады деп ойлаймыз. Әкімшілік біздің халық сол жақта жұмыс істесін, біздің мекемелер шығарып жатқан өнімдерін пайдалансын деп айтып жатыр. 85% осы істелінген жобада Қазақстаннан шығарады деп айтып жатырмыз.