ШҚО-ның жылу электр орталықтары талапқа сай емес

Шығыс Қазақстандағы жылу электр орталықтарында технологиялық талаптар бұзылған.

Облыстағы жылу тарататын станциялар мен электр-желілік кәсіпорындарда 144 технологиялық  бұзушылық анықталды.  Бұл туралы атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің өкілдері мәлімдеді. Мәселен, Семейдегі №1 және Өскемендегі жылу электр орталығында 20 дерек тіркелді. Жалпы Қазақстанда әдбен ескірген  жылу орталығы көп. Жабдықтары 70%-ке жуығы тозған. Ең апатты жағдайда тұрған кәсіпорындардың бірі Риддер жылу электр орталығы. Аталған мекеме жылу мауысымына дайын болмай шықты.

Еркебұлан Сергебаев, атомдық және энергетикалық ҚЖБ комитеті  аумақтық департаментінің басшысы:

- Жылу электр орталығы басшыларының біліктілігінің тексеруден өтпеуі, мерзімді техникалық куәландыру жүргізілмеген. Металды бақылау жөніндегі жоспардың болмауы, энергетикалық жабдықтардың негізгі элементтері мен басқалары техникалық диагностикадан өтпеуі болып табылады.