Ұлытау облысының шекарасы Үкімет қаулысымен бекітілді

Жаңадан құрылған Ұлытау облысының шекарасы Үкімет қаулысымен бекітілді.

3 қала мен 2 ауданнан құралған аумақ Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарымен шектеседі. Жер көлемі 19 млн гектарға жуық. Облыстың негізгі бағыты өндіріспен сабақтас. Дегенмен, игеремін деушілер үшін ауылшаруашылық жерлері жеткілікті. Сондықтан облыстың алдағы бес жылдыққа жоспарланған кешенді бағдарламасында агроөнеркәсіп саласына басымдық берілген.

Нұрсұлтан Төлеген, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:

- ҚР Үкіметінің 744-қаулысына сәйкес, 26 қыркүйектегі оның жалпы көлемі 18 893 661 мың гектарды құрап отыр. Оның құрамына екі аудан, яғни Жаңаарқа, Ұлытау аудандары және 3 қала кіріп отыр, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары кіріп отыр. Жалпы аумағы бойынша бұл республика бойынша біздің жаңадан құрылған облыс 5-орында.