Еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Солтүстік Қазақстанда қар мен жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Павлодар, Ақмола облысының көп аумағында жауын-шашын көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Алматы облысында күндіз жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда екпіні 23-28 м/с дейін жететін жел соғады.

Астана қаласында қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.