Д. Қонаевтың өмірі мен еңбек шежіресі жайында кітабы жарыққа шықты

Ал Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың өмір және еңбек шежіресі жөнінде кітабы жарыққа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Десекте ол туралы зерттелмеген жайттар бар. Ал кітапқа бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен қолжазбалар, естеліктер кірген. Туынды Қонаевтың  экономиканы, ғылым мен мәдениетті ілгерілетуге қосқан үлесін баяндайды. Жинақты құрастырушы филология ғылымдарының кандидаты Диар Қонаев барлық материалдардың хронологиясы сақталғандығын айтады. Атап айтқанда, ол кезең 1912 -1945 жылдар аралығын қамтиды. Яғни Дінмұхамед Ахметұлының одан кейінгі өмір жолы келесі кітапта баяндалуға тиіс. 

Диар Қонаев, филология ғылымдарының кандидаты:

- Кітап шығару туралы осыдан 4 жыл бұрын ойлана бастадым. Кітап болғанда Дінмұхамед Ахметұлының туғаннан бастап, өмірден озғанға дейінгі өмірі мен еңбек жолын қамтығым келді. Міне, бірінші жинақ көпшікке жол тартты. Онда Балқаш пен Риддерде қалай жұмыс істегені, басшылық қызметке тағайындалуына қатысты және ел экономикасын дамытуға байланысты қызықты мәліметтер бар. Бұған қатысты құжаттар өте көп. Әлі 4 томға жетеді.