Дала өртін сөндіру кезінде мерт болған Айдос Тоғызбаевтың отбасы баспаналы болды

Осыдан екі ай бұрын Семей облысы, Жарма ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде мерт болған Айдос Тоғызбаевтың отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш бөлмелі пәтердің кілтін жергілікті меценаттар табыстады. Қызметтік борышын атқару кезінде денесін күйік шалып, көз жұмған 36 жастағы жігіттің соңында жары мен 5 баласы қалған еді.

Айта кетейік, бұған дейін бейбіт күннің батыры Айдос Тоғызбаевтың отбасына Президент атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені тапсырылған болатын.