Ақтөбе облысында даңқты батыр Тілеулі Мырзатайұлының жерленген жері табылды

XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың орта шеніне дейін елді жаудан қорғаған тарихи тұлғаның бейіті Ырғыз ауданындағы Мәні төбе қорымында екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы құлпытастарды зерттеу кезінде тараздық ғалым Ержан Аппазұлы батырдың бейітін кездейсоқ тапқан. Кейін басына белгі орнатылды. Тілеулі Мырзатайұлы ерлігі туралы бұған дейін фольклорлық жырларда кездескенімен, нақты дерек аз. Енді терең зерттеу қолға алынбақ. Ғалымдар оның Жанқожа, Ақтан батырлармен бірге XIX ғасырда Қоқан және Қалмақ хандығымен соғысқанын айтады.

Бекарыстан Мырзабай, өлкетанушы:

- Дүниеден озған жылы 1846 жыл деп тұр. Олай болса, бұл Ырғыз бекінісінің салынып, басталғаннан кейін сол Ырғыз жерінде дүниеден озған. Мүмкін архивтік деректерде енді іздесе, бірең-сараң табылып қалар. Әбілқайырдың ол кезде сол Ырғыз өзені бойы Мәнінің айналасында Орда тіккені жөнінде деректер бар ғой. Бұл енді одан әрі зерттеуді қажет етеді.

 

Сондай-ақ...