ПІБ МО жанынан жаңа емдеу орталығы ашылды

Астанада Альцгеймер, Паркинсон, ұмытшақтық ауруларын инновациялық тәсілдермен емдейтін жаңа емдеу орталығы ашылды.

Президент іс басқармасының медициналық орталығы жанынан ашылған бөлім соңғы үлгідегі медициналық аппараттармен жабдықталған. Сондай-ақ мұнда жүйке, ұйқы безі, өкпе, жүрек және буын ауруларын емдеуге болады. Қазірдің өзінде еліміздің әр түкпірінен келген науқастар түрлі диагностикалық ем-шаралар қабылдап жатыр. Сондай-ақ мұндағы дәрігерлер оңалтудың жаңа тәсілдерін қолданады.

Алексей Цой, ҚР ПІБ медициналық орталығының басшысы:

- Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен жолдамамен келіп емделуге болады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде емдік-оңалту шаралары тегін. Аурухана мамандары бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өтті. Оларға заманауи емдеу және диагностикалық әдістер үйретілді.  

Бақыт Дүзелбаева, оңалту бөлімшесінің аға дәрігері:

- Реабилитациялық бөлімше үш бағытта жұмыс істейді. Ол кардио-, нейро- және травматологиялық реабилитация. Мұнда ең заманауи жабдықтардың бір түрі. Бұл аппарат науқастың жүріп тұру қабілетін қалпына келтіреді.