«Хабар» Агенттігі Kiss Media UK компаниясымен байланысын кеңейтеді

«Хабар» Агенттігі шетелдік медиакомпаниялармен байланысын кеңейтпек.

Бүгін ұжым басшылары британдық агенттік Кисс Медиа Юкей (Kiss Media UK) жетекшісі Колин Несбетпен кездесті. Басқосуда медиа нарықтың соңғы трендтері мен жаңа жобалар мүмкіндіктері талқыланды. Бұл компания ерекше квиз және реалити-шоулар жасауымен әлем елдеріне танымал. Кездесуде шетелдік медиа менеджер «Хабар» агенттігімен серіктестігін нығайтуға ниет білдірді. Айта кетейік, продакшен жобаларының бірі "Хабар" телеарнасында көрсетіліп жатқан викторина “Бегом за деньгами” аз уақыт ішінде қалың көрерменнің көзайымына айналып үлгерді. 

Колин Несбет,  KISS MEDIA UK Басқарушы директоры:

- Мен үшін «Хабар» командасымен кездесу үлкен мәртебе. Қазақстан біздің форматты өз медиа алаңдарына шығаруға қызығушылық танытқанына қуаныштымыз. Біз әлем елдерімен байланысымызды кеңейтеміз, алдымен Қазақстан, кейін басқа елдерге шығамыз.

"Бегом за деньгами" 17:00-де "Хабарда":

- "Бегом за деньгами" жобасы зияткерлік ойын сүйер қауымның үлкен ықыласына бөленді, өйткені мұнда ақыл-ой ғана емес, жылдамдық, физикалық белсенділік маңыздылығы айтылады. Жаңа телевизиялық викторинаның тұсауы қыркүйекте өтсе де, 2-3 айда жобаға ондаған қазақстандық танымал тұлға мен түрлі мамандық иелері  қатысып үлгерген. Бағдарламаны дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 17:00-де "Хабар"телеарнасынан көре аласыздар.