Биыл көмір тапшы болмайды

Жауаптылар осылай деп сендіріп отыр.

Қазір қоймаларда қара отын жеткілікті, жағдай тұрақты. Баға да өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай қымбаттамаған. Мәселен, елордадағы Майкөбе көмірінің тоннасы 13 200 теңге болса, Шұбаркөл – 13 900, ал Қаражыра 14 600 теңгеден сатылуда. Әрине бұл құн тұтынушыға жетем дегенше, біршама қымбаттайды. Алайда бұл тек ортадағы алыпсатарлардың әсерінен туындайды дейді сала мамандары. Тағы бір мәселе көмір сапасына келіп тіреледі. Өкінішке орай, Шұбаркөл көмірі тұрғындардың бәріне бірдей жетпейді. Кей адамдар осының кесірінен сапасыз отын алып жатырмыз деп шағымданып жүргені де белгілі.

Тұрар Жолмағанбет, ҚР ИИДМ Индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары:

- Қазақстан республикасында тұтынатын көмір көлемі 10 млн. Шұбаркөлдің сататын көлемі 3,5 млн. Біз не істейміз? Бізде мақсат жоқ, халықты Шұбаркөлмен қамтамасыз ету, біздің мақсат елді көмірмен қамтамасыз ету. Жалпы біздің мақсат көмір жағу, жылу алу. Мынау көмір тұр, Қаражар да дәл сондай көмір бере алады, Майкөбе де сондай жылу бере алады.