Алматы облысындағы барлық аудандық аурухананың жедел жәрдем көлігі жаңартылды

Алматы облысындағы барлық аудандық ауруханаға су жаңа жедел жәрдем көлігі берілді.   

Облыс орталығындағы медициналық мекемелерге 35 реанимобиль табыс етілді. Әрқайсының құны 40 млн теңге тұрады. Қаладағы орталық аурухананың өзіне 5 көлік бөлінді. Жедел жәрдем қызметіне күн сайын 100-ге жуық шақырту түседі. Заречный және Шеңгелді елді мекендері де қалаға қарайды. Сондықтан замануи медициналық құралдармен жабдықталған реанимобильдер дәрігерлердің қауырт жұмысына айтарлықтай көмек болады. 

Өмірзақ Ниязбеков, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Заманауи техникамен жабдықталған. Оның ішінде ЭВЛ да, ЭКГ да бар. Қазіргі таңда барлық реанимациялық  көмек көрсетуге мүмкіндік бар.  Қазіргі таңда біздің мамандарды оқытып жатырмыз осындай заманауи техникамен істеуге. Олардың деңгейі өсіп жатыр.