Оралдықтар газдан тарықпайды – Жергілікті билік

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылуына байланысты Батыс Қазақстан облысы сұйытылған газдан тапшылық көріп отыр.

Жанармай бекеттерінде ұзынсонар көлік кептелісі пайда болғанын айтқан едік. Қорда 200 тонна шамасында ғана сұйық отын қалған. Әйткенмен, жергілікті билік мәселе шешіледі деп сендірді. Ақтөбе облысынан қосымша сұйытылған газ сатып алу туралы келісім жасалған. Ал бұл отын жеткізілгенше жергілікті компания жанармай бекеттеріне газ беретін болды.

Миржан Нұртазиев, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

- Облысқа 500 тонна көлемінде сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарланып отыр. Бұл сұйытылған газ Ақтөбе мұнай өңдеу зауытынан келеді. Оған дейін «Жайық Мұнай» ЖШС-мен ауызша келісім бойынша күніне қаламыздағы ең ірі +газбен қамтамасыз ету мекемелеріне 20 тоннадан бөлініп отыр.

Сондай-ақ...